Уральские пельмени

Ромео - Джульетта

Ромео - ДжульеттаӨтетін орны: Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Премьера күні: 26 қараша

Автор: У. Шекспир 

Қазақ тіліне аударған: Ә. Кекілбаев

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

 

Бір-біріне ынтызар қос ғашықтың қилы тағдыры жайлы сыр шертер «Ромео-Джульетта» трагедиясы көрерменнің жүрегін тербеп, көңілдің ең нәзік сезімдерін толқытары сөзсіз.

   Махаббат-мәңгілік  тақырырыптардың бірі. Ол-сезімдердің патшасы. Ғашықтық оты маздап тұрғанда өлім-дәрменсіз. Ал өшпенділік пен пендешіліктің ақыры өкінішпен тынары белгілі. Ұлы махаббат жолында құрбан болған өрімдей екі жастың сертке берік, сезімге адал болмысы қайран қалдырады.

 Сәрі, бес күн жалғанның мәні де сол бір асыл сезімді аялау, оны сатқындық пен алауыздықтың кесапатынан қорғау шығар?..

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

  • Эскал-Верона князі- Алибек Нұрбек
  • Граф Парис-Тұрлықожа Алмат
  • Капулетти-Керімбаев Бекжан, Уразаев Данияр
  • Леди Капулетти-Жусупбекова Айым, Зиякулова Балжан
  • Ромео-Шыңғыс Жақыпбай, Әйтіш Асылбек
  • Джульетта-Жорабек Асем, Рыскелдинова Жанел
  • Меркуцио-Әбутәліп Әміре
  • Бенволио-Әділбек Нұрбек
  • Тибальт-Жанұзақов Асланбек
  • Лоренцо пірәдар-Батай Жандаулет
  • Бальтазар-Жалиев Айсұлтан