Жаңа жыл 2024 Алматы қаласында

Премьера! Ричард ІІІ

«Ричард ІІІ» спектаклі - бұл пьесада баяндалған 16-шы ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ретроспективасы емес, бұл - Шекспир мәтіні арқылы өзін өркениеті дамыған деп санайтын қоғамның бүгінгі күні мен күйін түсінудің бірден бір жолы. Бұл - адам зұлымдығы мен тиранияның пайда болу табиғатын басты мәселе ететін адамның маңызды ой толғанысы. Қоғамға зардап шектіретін зұлымдардың пайда болуы «басқа» адамдарды агрессивті түрде қабылдамай, «бөтен» белгісін тағу себебінен орын ала ма, әлде бұл үрдістің қоғамдағы қарым-қатынастарға қатысы жоқ па? - бұл спектакль авторлары алдына қоятын ең маңызды сұрақтар.