Ревизор

Ревизор в театре ЖастарӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Н. Гоголь

Премьера күні: Мамыр, 2019 жыл

Қоюшы режиссері: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның екбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Балетмейстер: Анар Жүсіпова, Қазақ мәдениеті қайраткері

Жанр: трагифарс

Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин

Аударған: М. Әуезов

 

 

Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» Жастар театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен, қайталанусыз бағытпен театр әлеміне жол тартты.

Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көзбояушылықтан, жағымпаздықтан тұрады. Қойылым қоғамымыздағы осы тектес келеңсіздіктерді заманауи пайымдап,  аяусыз әжуалайды.

Кейіпкерлер:

Дуанбасы - А. А. Сквозник-Дмухановский – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Әйелі - Анна Андреевна – Махабат Мадғұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Қызы - Мария Антоновна – Мадина Май, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

А. Ф. Ляпкин-Тяпкин – БахытХаджибаев, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

А. Ф. Земляника – Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

П. И. Бобчинский – Жандаулет Батай, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

П. И. Добчинский – Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Шпекина – Айнұр Рахипова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері, Айман Есенқызы, «Құрмет грамотасының» иегері

И. А. Хлестаков – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Осип – Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері