Мероприятия Stages.kz

«Қыз - ғұмыр» атты мерекелік концерті

«Қыз - ғұмыр» атты мерекелік концертіҚұрметті өнер сүйер қауым! 

Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мейрамы әйелдер қауымының төл мерекесі 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен әлемді әлдиімен тербеткен аналарымызды, қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтай отырып, Қызылорда облыстық филармониясының «Қыз - ғұмыр» атты мерекелік концертін тамашалауға шақырамыз. 
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, Рауза Ысқақова, Индира Елубаева, «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, классикалық музыка өнерінің насихаттаушылары Сымбат Тасбергенова, Мақсат Мақұлбеков, Жалын Жүсіпов, Ғани Бекмұрзаев және т.б Сыр еліне белгілі өнер иелері Сіздер үшін ән салады. 
Келіңіздер, көріңіздер! 8 наурыз күні сағат 18.00-де облыстық филармонияның концерт залында мерекелік көңіл-күйге бөленіңіздер! 

Билет бағасы: 700 тг
Байланыс тел: 8-771-479-07-468-705-556-48-09 
Мекен-жайымыз: Е.Әуелбеков көшесі, Құрылыс 5