99 человек за последний час интересовались этим событием.

«Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар». Театр им. Бекежанова

«Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар». Театр им. Бекежанова«Құмырскалар, аралар қиыспас дос, құдалар»

Табиғаттың біз білмейтін құпиялары қандай көп! Соның бірі аралар патшалығы! Бір күні xан ара барша жәндікті жинап алып, өзінің сүйікті қызы әдемі де сұлу бал араны ең мықты, еңбекқор жанға тұрмысқа беретінін айтады. Жәндіктер арасында үлкен сайыс болып, барлығы өз өнерін көрсете бастайды. Алайда xан араға ешкім ұнай қоймайды. Ол кенет өте еңбекқор, тоқтаусыз жұмыс жасап жатқан құмырсқаны байқап қалады. Бірақ құмырсқа сайысқа келмеген еді. Бұйрығын орындамағаны үшін xан ара оны жазалауды бұйырады! Оған бал ара кедергі жасайды. Себебі, кезінде құмырсқа оған көмектескен еді. Сонымен, балақай, құмырсқа бал араға қандай көмек көрсетті? Сұлу ара соңында кімге тұрмысқа шығады? Жәндіктер арасында ең еңбекқоры кім болды? Осындай қызықты оқиғаның куәсі болғың келе ме? Бал араның кімді таңдағаны қызықты ма? Ендеше, "Құмырсқа мен аралар, қиыспас дос-құдалар " атты қойылымды тамашалауға асығыңдар!

Біз сіздерді аралар патшалығында күтеміз, достар!