Scorpions в Алматы

Құлагер

Құлагер

Премьера күні: 8, 9 қазан 2020 жыл

Автор: Ілияс Жансугіров

Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали

Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева

Жанр: драма

Ұзақтығы:

Жас санаты:

 

 

 

 

 

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Өмір – арпалыс, күрес, жарыс... Аламан – бәйге.

Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.

Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине...

Аттың шабысы – ол, адам шабысы.

ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.  

«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ...