Қоштасқым келмейді! Гастроли в Астане
Өтетін орны: Астана қ., Қалибек Қуанышбаев к-сі, 8/1, атындағы Театр. Қ. Қуанышбаева
Театр: Қазақ ұлттық драма театры М. Әуезов
Автор:
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Жас санаты:
Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин пьесасы бойынша қойылымға ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған...
Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.