Қос мұнлық
Автор: Бикен Римова
Қоюшы-режиссер: Мұрат Ахманов, ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретшісі: Қарлығаш Шалабаева (ҚР «Мәдениет саласының үздігі»)
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас санаты: +12
Сахна саңлағы Бикен Римова «бір сырлы, сегіз қырлы» талант иесі. Оның қаламынан туған «Абай-Әйгерім, «Қос мұңлық» атты драмалық шығармалары қазақ театрлары сахнасынан лайықты орын алған. «Қос мұңлық» спектаклінде қоғамдағы қарттар мәселесі терең сөз болады. Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сығып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қағажу көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікк салынуға не себеп? Қойылымның осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз, құрметті көрермен.