Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

QORA Z. Ж.Шанин атындағы театрының гастролі

Мекен жайы: Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Авторы: У. Шекспир

Жанр: трагикомедия

Қоюшы режиссері әрі сахналық нұсқасын жасаған: Әлібек Өмірбекұлы

Ұзақтығы:

 

Жас санаты:

Қосымша:

 

Қадірлі Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 7 сәуір күні сағат 17.00 де У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z»  трагикомедиясына шақырамыз!

 «Мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.» (Абайдың 9-шы қара сөзі)

Ұрпағына адам болуды өсиет еткен Абай философиясының тереңдігіне ешкім де күмән келтіре алмас. Қара сөзінде адамның ішкі психологиясына, танымына философиялық тұрғыдан үңілген. Адам болмысы - Абай заманында, Шекспир кезеңінде, тіпті адам баласы пайда болғаннан-ақ қозғалған ең өзекті мәселе. Жылдар өткен сайын құндылық азайып, ластанып бара жатқан әлемде өзімізден-өзіміз қорқудамыз.

У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша қойылған трагикомедия бүгінгі адамды, демек, өз шындығымызды баяндайды. Сан ғасырларды артқа тастаса да өзектілігін жоғалтпаған тақырыпты көтереді.

Қоюшы режиссері әрі  сахналық нұсқасын жасаған – Әлібек Өмірбекұлы.

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев.