ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Выбор города
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
QAZAQSHA терапия

QAZAQSHA терапия

Описание

QAZAQSHA терапия дәстүрлі музыканы заманауи бағытта айшықтайтын спектакль-концерт.

Сахнада 57 адам өнер көрсетеді.

  • Ансамбль 10 өнерпаз
  • Әншілер 6 өнерпаз
  • Бишілер 6 өнерпаз
  • Хор 6 өнерпаз
  • Күйшілер 25 өнерпаз

Qazaqsha терапияның бұл жолғы саны 3 блоктан тұрады

1. «Тал бесіктен жер бесікке»

2. «Бес мектеп»

3. «Серпіліс»

Шымылдық Дәулеткерей Шығайұлының «Көрөғлы» күйімен ашылады.

Содан кейін, «Тал бесіктен жер бесікке»бөлімі басталады. Бұл бөлімде адамның туылғанынан бастап, өлгеніне дейін айтылатын «ғұрыптық» әндер айтылады. Айтылып жатқан әндердің бәрінде бишілер «contemporary dance» бағытында әрекет ету арқылы болып жатқан оқиғаны айшықтай түседі.

Бұл бөлімде қазақ дәстүрлі әнінің бес мектебінің өкілдері бір-бір әннен шырқап, әр өңірдің ән салуының өзіндік ерекшеліктерін халыққа таныстырады. Әр ән мектебінің өзіне тән ерекшеліктерін сахнада әншілермен бірге жүрген актер толық ашып, баяндап отырады. Әр өлкенің ерекшеліктері, табиғаты лэд экраннан беріліп отырады.

II бөлім мен III бөлімнің арасында «Адай» күйі ойналып, акробат айбалтамен шеберлік өнер көрсетеді.

1. Бұл бөлімде XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген сал-серілердің әндері шырқалады. Әрбір серінің өмірінен, әннің шығу тарихынан ақпараттар беріліп отырады. III бөлімдегі әндерді бишілер бимен көркемдейді.

Кештің соңында батырлар сайыс өнерін көрсетеді.

Кеш барысында айтылатын ән, шертілетін күйлердің 80% батыстық аспаптармен, хормен сүйемелденеді.

Режиссері: Шағуан Үмбетқалиев

Композиторы: Нұрболат Қыдырбаев

Хореографы: Әділет Таменов

Жоба авторы: Әсет Есжан

Читать полностью
  • Өтетін орны

    Алматы қ., «Almaty theatre»,  Әл-Фараби даңғылы, 30

  • Күні

    29 мамыр және 9 маусым 2024

  • Басталуы

    19:30

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут 

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    10+

  • Жанр

    концерт

  • Возрастное ограничение

    10+

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 29
    мая
    ср
    Almaty Theatre.
    Зал
    от 5000
    от 5000
  • 9
    июня
    вс
    Almaty Theatre.
    Зал
    от 5000
    от 5000