Show concert HAVASI

QAZAQ KURESI

QAZAQ KURESIАстанада 28-29 қазан аралығында қазақ күресінен 40 мемлекеттің қатысуымен әлем чемпионаты өтеді.

Еліміздің ұлттық ойынына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мемлекеттің спортшылары қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бастаған елдердің ең таңдаулы балуандары бар.

Біріншіліктің алғашқы күні спортшылар 55, 90, 100 және +100 келіде белдессе, екінші күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталмақ.