Қара пима

 

Ең негізгі айтылатын ой - әке мен шеше және бала арасындағы мәңгілік махаббат. Шешеден ерте айырылған жас баланың тағдыр тауқыметі, әкенің кешірілмес қателігі мен перзент алдындағы парызының өтелмеуі шығарманың арқауына айналған. Драманың шарықтау шегі қоғамның әлсіз тұсын әкенің қателігімен суреттеп, махаббат ұғымын ана бейнесі арқылы жеткізген. Адамдар арасындағы әлеуметтік төмендік, тұтас бір ортаның өмірге көзқарасын білдірген.

Жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, қарама-қайшылықтың бәрі көрініс арқылы суреттелген. Дер кезінде қол ұшын созу, уақыт қадірі, адам құндылығы спектакльді әсерлі етіп, қуатын молайта түскен.