Шырақ

Жас отбасының басында күтпеген оқиға болды. Бас кейіпкер Сағын жұмысында жеткен жетістігін тойлап жүріп, қарбаласта жары Нұргүлдің туған күні есінен шығып кетеді. Онымен қоса, оның адалдығына күмән келтіріп, көңіліне кірбің түсіреді. Жолдасына ренжіген жас келіншек ойда жоқта Таңат есімді бозбаламен кездесіп, арты ертегідей бір әсем кешке ұласады. Тазалық пен сұлулықты өмірлік серік еткен Таңаттың мөлдір ойы арқылы оқиға өрбіп, соңында, махаббат дейтін киелі ұғым өз биігінде салтанат кұрады.

Өмірімізден маңызды бөлшегі – отбасылық сыйластықты қалай сақтап қалмақ керек? Сенім мен күдік тайталасқа түскенде, тура жолды қалай таппақ керек? Қойылым күлдіре отырып, көрерменін мәңгілік құндылықтардың қадірін түсініп, бағалауға шақырады.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Нұргүл-Жамал Нұржаубекова
Таңат-Асылбек Әйтіш
Сағын-Елдос Шайкенов
            Аслан Жанұзақов
Көрші-Ғани Құлжанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қала тазалаушы-Диана Смағұлова

Музыкалық жетекші-Анель Сиргебаева 
Музыкамен сүйемелдеушілер-Айсұлтан Жалиев, Ләззат Қуанышова 
Аспаппен сүйемелдеушілер-Расул Ерназар, Саида Максумова, Александр Серов