Scorpions в Алматы

Эдуардо Де Филиппо «Елестер»

Эдуардо Де Филиппо «Елестер»Автор: Эдуардо Де Филиппо

Премьера күні: 22 ақпан

Режиссёр: Б. Абдуразаков

Жанр: драма

Ұзақтығы: 90 мин

Жас санаты: 12+

Зал: Үлкен

 

 

 

 

 

    Жас жұбайына қатты ғашық, ашулануды білмейтін, романтик Паскуале Лойяконо зәулім сарайдағы он сегіз бөлмелі пәтерді «өзінің мықты жоспары» бойынша бес жылға тегін алады. Ақысына бағзы  заманнан келе жатқан елестер жайлы аңызды жоққа шығаруы тиіс. Адамдардың айтуынша, бұл сарайда қатаң жазаға кесілген қос ғашықтың жандары қалған. Жаңа қонысқа келген жұбайлардың арасына елестер араласқанда қарым-қатынас қалай өзгеретінін тамашалайсыздар. Атақты итальяндық комедияшы Эдуардо Де Филиппоның әйгілі пьесасының кейіпкерлері тек жақындарына ғана емес, өздеріне де жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр болады. Қойылымды тамашалай отырып елестер мен адамдар арасында қандай айырмашылық қалғанын сана сарабына салып көріңіз.

Актерлар:

1. Паскуале Лойяконо (Үрейлі жан)- артист А. Малшиев

2. Мария, оның әйелі (адасқан жан) -  актриса Н. Тайменова, актриса А. Тұрұсбекова

3. Альфредо Марильяно (мазасыз жан) – артист Н. Өткір

4. Армида, оның әйелі (қайғылы жан) – актриса А. Хамит

5. Сильвия, 14 жаста – актриса М. Елтайқызы, актриса П. Карибаева

6. Артуро, 12 жаста – артист Б. Абылхаков

7. Раффаэле, қақпашы  (қараңғы жан) – артист Е. Акылбеков, артист С. Маратбек

8. Кармела, оның әпкесі (қарғысты жан) – актриса С. Қатенова

9. Гастоне Калифано (еркін жан) –   - артист Ж. Турусбеков

10. Саверио Калифано, музыка мұғалімі – артист Ж. Маханбетияр

11. Маддалена, оның әйелі  (қажетсіз жандар)- актриса Н. Әсембаева

12. Екі жүк тасушы (ажалға душар жандар) – артист М. Аразалинов, артист О. Турганов