Отыз ұлың болғанша...
Өз ғұмырларында жақсыны да, жаманды да көрген, ал өмірдің көбі кетіп, азы қалғанда жалғыз қалған төрт кейуана мейірімге, махаббатқа зәруліктен жапа шегеді. Жылы ұя, жарқын ошақты аңсайтын олардың ендігі үміті Қарттар үйіне келген Абдолла шалда. Ал, мына жұмыр жерде аяғын тік басып тұрған Абдолланың үлкен жүрегінде, өз қолымен салған үйінде олардың төртеуіне де орын бар. Небір күлкілі оқиғаларға толы спектакльден мұң еседі…
Рольдер мен орындаушылар:
Ақлима – Р. Хаджиева, ҚР еңбек сіңірген артисі, Г. Жақыпова, ҚР халық артисі
Фатима – Н. Мышбаева, ҚР халық артисі
Сәлима – З. Шәріпова, ҚР халық артисі, Ғ. Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Бибіхан – С. Қожақова, ҚР еңбек сіңірген артисі, Ш. Меңдиярова, ҚР еңбек сіңірген артисі
Абдолла – С. Оразбаев, ҚР халық артисі, О. Кенебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, С. Мерекеұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Бастық – А. Боранбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ж. Толғанбай, Р. Сенкебай
Жұмысшы – Н. Әбілов, Е. Тұрысов, Қ. Нәбиолла