Мероприятия Stages.kz

«Өмір» KTS

Авторы - Болат Бекжанов 

«Өмір»

драма

Режиссеры - ҚР Мәдениет қайраткері, Сламбек Жұмағали

Шығармада көтерілген басты мәселе отбасы - ошақ қасындағы тартыс. Екі жастың махаббатына кедергі болатын дүние, баланың жоқтығы. Қарапайым ортада тәрбиеленген Өмірдің көзқарасымен байлық пен баршылықта өскен Айна екеуінің өмірге деген пайымы екі түрлі екендігі көрініс тауып, ажырасуға апарады. 

Көтерілген тақырып бүгінгі заман тұрғысымен астасып, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Шиеленіс пен тартысқа толы. Ақыры Өмір өз дегеніне жетіп, бақытына қосылады. Шығарма қалың көпшілікке арналған.

Қойылымдар ілеспе аудармамен орыс тілінде  жүргізіледі.