Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Мысықтар әлемі

Қойылымның басты кейіпкерлері – иесі тастап кеткен қаңғыбас ит пен мысық. Адамдарға деген өкпе-реніш кішкентай достарды арғы жағында ғажайып, жұмбақ мекені бар сиқырлы есікті табуға мәжбүрлейді. Ол жердегі адамдар мен жан-жануарлардың бәрінің қарыны тоқ әрі өте бақытты. Басты кейіпкерлер есікке барар жолда Маркиза мысықты, көптеген бұзақыларды, тіпті мысықтар Перизаттарын кездестіреді. Нәтижесінде олар өздері секілді ешкімі жоқ жалғыз, науқас бала жатқан аурухананың палатасына түседі. Әлгі баланың мейірім-шапағаты біздің кейіпкерлеріміздің жаураған жанына дауа болады. Осының арқасында олар сиқырлы есік алыста емес, әрбір тіршілік иесінің жүрегінде екенін түсінеді. Жүректің нұрлы есігі ашылатын болса, біз бәріміз бір-бірімізді жақсы көріп, қорғап, қорғаштап таңғажайып елді-мекенде өмір сүретін едік...