Мұрагерлер
Автор: Д. Исабеков
Премьера күні, жылы:
Режиссёр: Ерсайын Тапенов
Жанр: 2 бөлімді драма.
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 16+
Қосымша:
Екі бөлімнен тұратын бұл қойылым, облыс орталығы болып саналатын қаланың шеткері жағында орналасқан шағын үйде болған жағдай жөнінде сыр шертеді. Осы үйде тұратын - ұлдары соғысқа кетіп оралмаған, қызы тұрмысқа шығып күйеу баласын да соғысқа аттандырған, ақыраяғы қыздан да, күйеу баладан да айырылып, жалғыздықтан жапа шеккен Салиха ананың жәй-күйі.
Кемпірдің үйін өздеріне қаратып алмақшы болған, Төрехан атты күйеубаласының әйелі, (қарындасы Сызғанова) бұл үйге келіп тұрған соң, кемпірдің соншалықты адамгершілігі мен аналық махаббатын көріп, өз ар-ұятына жүгінеді.
Аға буын әкелеріміз бен аналарымыз, өткен шақты естеріне түсірердей, жастар жағы одан тәрбие алатындай драмалық шығарма, ананың балаға, немереге деген махаббатының мәңгілік екендігіне тағы да куә боласыздар.
Тарихи тағылымға бай, тәрбиесі мол қойылым.