rebranding

Мен Жайлы

Өтетін орыны: QAZAQSTAN ОКЗ (ЦКЗ)

Өтетін күні: 18 мамыр

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты: 

Қосымша: 

 

 

 

 

 

Бұл Фарида Жолдасованың 13 жасында берген кешінен кейінгі 16 жылдан соң үлкен дайындықпен әрі тыңдарманын сағындыра өткізгелі отырған екінші концерті.

Концерт толығымен «Zholdassov production» ансамбльінің сүйемелдеуімен өтеді. Кеш қонақтары: «Музарт» тобы, Төреғали Төреәлі, Алтынай Жорабаева, Қайрат Баекенов, «Заман» тобы, Иса Әлимұса және т.б өнер жұлдыздары.

Фарида Жолдасова 5 жасында «Әнші балапан» балалар байқауында лауреат атанған сәтінен бастап өз тыңдарманын таба білген әнші.

  • 2000 жылы «бала тілегі» деген атпен ең алғашқы альбомы (кассета) жарыққа шықты. Оның ізінше «қуыршағым менің» деп аталатын екінші әнжинағы тыңдарманға ұсынылды. Ал 2006 жылы «Жұлдызым»аудио дискісі жарық көрді.
  • Сол жылдары өзінің репертуарындағы барлық әндерінің мәтіні жазылған «бала тілегі-1», «Бала тілегі - 2» деген 2 кітапша шықты.
  • Дәл сол атаумен 2006 жылы 13 жасында Алматыда Республика сарайында, 2007 жылы Астанада Когресс-холлда өзінің ең алғашқы жеке шығармашылық концертін берді.   
  •  «Бала тілегі» деп аталатын Фариданың авторлық әні бастауыш сыныптарға арналған мектеп оқулығына енген.

Фарида Жолдасованың соңғы жылдардағы жазған әндері де жатар арасында өте танымал, тыңдармандардың жүрегінен орын алып үлгерген.

Бұл кеште Фариданың 16 жылдағы еңбегі мен шығармашылық жұмыстары толық көрсетілетін болады.