Oxxxymiron в Казахстане!
Концертный зал «Астана»

Фариза Оңғарсынова «Мен жалындап өтемін»

Купить билеты

men-zhalyndap-otemyn«Мен жалындап өтемін» Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналады.

2019 жылдың 23 қаңтар айында, сағат 19.00 де Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Мен жалындап өтемін» атты музыкалық әдеби кеш өткізеді.     

Өтетін орны: «Астана» концерт залы.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы.

Фариза Оңғарсынова аса көрнекті ақын, қоғам қайраткері бола білді. Ол өзінің өміршең отты жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, елдің жұмыр жүрегінен мәңгілік орын таба білді. Бүгінгі таңда поэзия патшайымның өлеңдерін күллі қазақ баласы сүйіп оқып, жатқа айтатыны жасырын емес. Себебі, ақынның өлеңдерінде ұлттық рух, мөлдір махаббат, тербеткен сағыныш бар. Ал, композиторлар қауымы болса, оның өлеңдерін сүйіп қана қоймай, ақынның сүбелі сөздеріне небір мағыналы, мазмұнды әндерде шығарып жүр. Кеш аясында аяулы ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әсем әндер де шырқалады. Концертті тамашалауға келген патша көңілді көрермен «Жаным-дала, көгінен бұлт арылмай», «Айналайын, Оралым», «Қимастарым», «Фариза,  Фариза жан, Фариза қыз» т.б туындыларды тыңдап, рухани азық ала алады.           

Концерт «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.