Счастливые поют

Мен ішпеген у бар ма?..

Авторы: Иран Ғайып

 Реквием

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы режиссер – О.Кенебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші – М.Сапаров

Композитор: Б.Нұрқасымов

Режиссердің көмекшісі – С.Гениярова

Дүние-жарықтағы адам тіршілігінің екі қыры, Абайша қисындағанда, бірі – тән құштарлығы, бірі – жан құштарлығы. Тән құштарлығы – ішсем, жесем, кисем ,.. бәріне ие болсам, дүниені билеп-төстесем… дегендік. Бұл – тән мен жан сананың, ақ пен қараның, ескі мен жаңаның бітіспес тартысы, әсіресе, қазіргі алмағайып, жаһандық экономика, геосаяси мүдделер жағдайында аса өзекті болып отырған тартыс.

Бүгінгі таңда нәпсісін қиғанды қор, нәпсісі билегенді – зор деген түсінік белең алып барады. Тарихта да ақылдыдан гөрі бай мен бағланның айтқаны болған. Режиссердің пікірінше, бұл  – қауіпті жағдай.

“Мен ішпеген у бар ма?” драмасының жаңа қойылымы Абай мен Құнанбай, әке мен бала, ұрпақ пен ұрпақ арасындағы күрделі қарым-қатынастарды интерпретациялау арқылы осы күрделі мәселе төңірегінде ой қозғайды.