«Мәңгүрт»

Оқиғада әйгілі «Найман Ана» аңызы желісі мен бүгінгі заман келбеті қабат көрсетіледі. Аңыз бойынша, басын бәйгеге тігіп, қауіп-қатерге қарамай жуан-жуандардың тұтқынындағы баласын іздеп келген, туған перзенті өзін танымайды. “Сенің әкең-Дөненбай! Сенің атың-Жоламан!”, - деп оны есіне түсіргісі кеп ана-жүрек шырылдайды. Алайда, басына тері қапталып, есінен адасқан, құлдыққа  жегілген, тек қожайындарын танып, айтқанын екі етпейтін мәңгүрт-перзент анасына садақ кереді.

Бүгінгі заман... Өз әкелері Қазанғаптың кішкентай ғана аманатын орындамай, «Ана-бейітке» жерлеуден бас тартқан ұрпақтың мәңгүрттігі жанды ауыртады. Қазанғап досының осы аманатын орындау жолында күрескен Едігеге бәрі қарсы шығады...

Қойылым - астарлы шындықты алдыңызға тосады. Шешімін көрерменге қалдырдық.