Махаббат мұнарасы

Қысқа ғұмырында мол мұра қалдырған Талаптан Ахметжановтың «Сұлу мен суретші» шығармасының желісіндегі туындыда махаббат пен өнердің серенадасы салтанат құрады. Сұлулық атауын тап-таза, мөп-мөлдір өнердің өзегінен іздеп, өмір бойы махаббатына адал болған жанның сезіміне елітіп, құдіретіне иіп отырып көретін қойылым.