Махаббат бар ма? Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры Ақтөбеде!
Отбасының сәні – сыйластық.
Шағын мемлекеттің қабырғасына сызат түсіп, желідегі желөкпе ақпараттардың арбауынан адал махаббат қасиетінен айрылса, оған жауапты кім?
Бес жыл күткен ұрпақтың қуанышын ұрлағандар шынымен отағасының жасырын махаббаты ма?
Бабаларымыздан қалған отбасы құндылығының қадір қасиетін ұғына алып жүрміз бе?
Қадірменді көрермен!
Сіздерді, Отағасының шынайы махаббаты мен сыйластық сезімін күткен әйелдің жан сырын баяндайтын Қолғанат Мұраттың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясына шақырамыз.
Актерлік құрам:
Қалампыр – Инабат Ризабекова, Шынар Қалдыбай.
Алмас – Оразалы Игілік, Ернар Мұхамбет, Әлихан Әлішер.
Наурызгүл – Альфия Хайзулиева, Мақпал Дүйсен.
Майра – Майра Омар («Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері).
Мариям – Гүлдана Әбдісадық, («Еңбек даңқы-2021ж.» медалінің иегері.), Жансұлу Төлеген.