Мағжан. Мен жастарға сенемін
Тема спектакля «Магжан»: его деятельность в сфере просвещения, любовь, преданность, служба народу, голод по казахской степи (1921-1922 гг.). Зритель видит в спектакле мучительную судьбу молодого Магжана, влюбленного в жизнь и бесконечно страдающего от тяжелого удела своего народа, неоднократно перенесшего геноцид.
Ағартушылық саласындағы өмірі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, Сарыарқаны жайлаған аштық (1921-22 жылдар) «Мағжан» спектаклінің өзекті тақырыбы. Көрермен спектакльден жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елінің ауыр хәлі үшін шексіз азап шеккен, басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көреді.
Ролдерде ойнайтын артистер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Карменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарабалин Сағызбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан, Әли Марат, Әйгерім Қайратқызы және Түркістан музыкалық драма театрының артистері.