Мероприятия Stages.kz

«Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеші

Литературно-музыкальный вечер «Жырлайды жүрек»

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш.

2018 жылғы 1 наурыз сағат 19:00-де (Астана қ-сы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1) «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының камералық залында көрерменнің сұранысы бойынша екінші рет Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

         Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналған дарабоз ақын. Кешті ұйымдастырудағы мақсат – көрерменді ақын өлеңдеріне  қызығушылығын оятып, құрметін арттыру.

Әдеби-сазды кеште «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана Мюзикл» театры артистері поэзия иесінің әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін шығармалары негізінде тың дүниені көрермен назарына ұсынбақ. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүрегінен ерекше орын алды.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының артистері Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді.

 Бұл іс-шара қазақтың маңдай алды, шоқтығы биік ардақты ақынның шығармашылығына арналған мерейлі мерекелердің бірі болмақ. 

Қыран тағдырлы ақын Мұқағалидың жан дүниесіне әдеби-сазды туындылар арқылы бойлауға шақырамыз.