Jullien Dassin

Ләйлі-Мәжнүн

Ләйлі-Мәжнүн, театр Кукол Шымкент

Өтетін орны: Шымкент қ., «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры»

Автор: Г.Низами

Премьера күні: маусым 2019 жыл

Режиссёр: Самат Алтаев

Жанр: драма-элегия

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас ерекшелігі: 16+

Қосымша:  Шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі – Мәжнүн» қойылымы

 

 

«Ләйлі – Мәжнүн» - шығыс халықтарында көне заманнан кең тараған ғашықтық дастан.

Махаббаттың символына айналған қос ғашықтың ғаламат сезімі, алпауыт арпалысы, екі тарап жақтың да  танытқан қарсылығы мен қарама-қайшылықтары көрініс тапқан сахналық қойылымда Қайстың ғашықтық торына шырмаланып, есінен адасып «Мәжнүн» атануы нағыз махаббаттың құдіреттілігін тағы да бір дәлелдей түседі.

Қойылымның негізгі мақсаты – адамдар арасындағы «адами» құндылықтарды жоғары қою, оның ішінде, ең әуелі сезім, өзіндік ойына деген құрмет, өз таңдауына нық сенуі, діттеген мақсатыңа жету жолындағы күресті арттыру мен дамыту болып табылады.

Рөлдер мен орындаушылар:

Мәжнүн - Ақберді  Мұсақұлов (Ибн Қайс)       
Ләйлі - Анель  Жұмабай
Шейх Амири - Ерғали  Тұрдалиев (Қайстың әкесі)
Шейх Хашими - Нұржан Рүстембеков (Ләйлінің әкесі)
 Хабибі - Ұлжалғас Тәшібек-қызы (Ләйлінің анасы)
Аңшы - Уәлханов Олжас
Сайд  Бағдади - Ғабит Сейдахмет
Көпшілік сахнада: театр әртістері

*Қойылым қазақ тілінде өткізіледі.