Лучшая музыка Disney и DreamWorks

Қыз Жібек

Қыз Жібек

музыкалық драма

Авторы: Ғабит Мүсрепов

Ұзындығы: 2 сағат

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Қоюшы-режиссер – Е. Нурсултан

Режиссердың ассистенті – Ш. Жанысбекова

Қоюшы-суретші – Е. Туяков

Киім суретшісі – Н. Калиева

Балетмейстер – А. Сыдыкова

Сахна сайысы – А. Байлин

Вокал пәнінің ұстазы – Г. Карамолдаева

Хор пәнінің ұстазы – Г. Берекешев

Режиссердің көмекшісі – С. Гениярова

Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған.  Оқиғалар негізінен  жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ...  Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын  қойылымда   ұлттың өмі­рі­мен тығыз байланысты дәс­түрлер де  - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан.

Жас санаты 7+.