Құсалық

Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері   Рахымжан  Отарбаевтың «Айсырға» әңгімесінің желісі бойынша дайындалған «Құсалық»  атты жаңа қойылымда -  әрқилы тағдырмен қазақ жерін паналаған өзге ұлт өкілдеріне халқымыздың еш жатсынбай, қонақжайлылық пен бауырмалдық  танытып, демеу болған достық кең пейілі  көрініс береді. Сондай-ақ, аталмыш  туынды - камерлік қойылым (камерный спектакль) болып саналады. Қойылымға келген көрермен залда емес, сахнада отырады. Яғни, актерлардың рольді сомдауының шынайылығын сезінетін болады. Актерлармен бірге қуанып, бірге ренжіп сахна құдіретіне куә болып, артистердің шеберлігін тереңірек түсіну мүмкіндігіне ие болады.      

Қойылым - ауызбіршілік пен бауырмалдық, достықтың қымбат дүние екенін ұғындырады.