rebranding

Құлагер

Өтетін орыны: Ақтау қ., 8 мкр., Н. Жантурин атындағы музыкалық драма театры

Өтетін күні: 24 қыркүйек 2022 жыл

Автор: Ілияс Жансугіров

Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали

Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева

Жанр: soundrama

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас санаты: 12+

 

 

 

Алатаудан арнайы сәлем ала келген Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, қарт Каспийдің жағалауындағы ардақты  ел - Ақтаудың гастрольдік сапарын бастайды. ​24 қыркүйек 2022 жыл «Құлагер» 

Өмір – арпалыс, күрес, жарыс... Аламан – бәйге.

Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.

Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине...

Аттың шабысы – ол, адам шабысы.

ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.  

«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ...