Көзімнің қарасы

«Көзімнің қарасы»Автор: Ж.Сомжүрек

Қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Премьера күні: Қараша, 2020 жыл

Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Хормейстер – Анель Сиргебаева

Жанр: музыкалық драма

Қосымша:

 

 

 

 

Кейіпкерлер:

  • Абай – Шыңғыс Жақыпбай
  • Тоғжан – Лаззат Қуанышева
  • Сүйіндік – Елдос Шайкенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Күмісай – Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Қаратай – Бақыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Данияр Уразаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Әділбек – Нұрбек Алибек

Ауыл жастары:

  • Бағлан - Асылбек Әйтеш
  • Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Қойбек - Айсұлтан Жалиев
  • Шоңбай /Дүлей/ - Асланбек Жанұзақов
  • Керімбала - Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Раушан – Айбибі Іскендірова
  • Балғын - Нұрбек Әділбек
  • Ербол – Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Қиясбек - Әбутәліп Әмре
  • Абайдың атқосшысы
  • Және басқа ауылдың қыз-жігіттері

 

Ақын Абай... Ару Тоғжан... Бір-бірін шын ұнатқан қос ғашықтың сезімге толы сырлы да сұлу күйі баяндалатын айтулы драма көрерменіне кемеңгерлігін күллі адамзат мойындаған дана тұлғаның адами дара болмысын паш етеді.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деп жырлаған ұлы ақын өлеңі «Абай – ару Тоғжан» қойылымының басты лейтмотивіне айналғандай. Сұлу сезім, әуезді ән, көркем көріністі өн бойына сәтті тоғыстырған лирикалық драма басты кейіпкерлермен бірге көрерменін де махаббат әлемінің сөзбен суреттеп жеткізгісіз тамаша шақтарына саяхат шектіреді. Дана тұлғаның өлең, өнер тудырудағы жан жүрегін селт еткізген сезімдеріне бойлатады.

Қазақтың бас ақыны – Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Жастар театры сахнасында қойылғалы отырған айтулы қойылымның өнерсүйер, өлеңсүйер көрерменін сырлы сезім ғана емес, парасат биігіне де бойлатары сөзсіз.