Қожанасыр тірі екен...(М. Әуезов атындағы драма театрының гастрольдік сапары)

«Қожанәсір тірі екен» спектаклінің арқауы бүгінгі күн. Арамызда жүрген Қожанәсірді сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар... Ортақ бабалары Қожанәсірді өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы... Қожанәсір түскен ситуациялар – пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай?

Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.