rebranding

Қораптағы қоқыс

Ойнап жүріп от басып оқып жеген Камиланың тағдыр жолы арқылы өрбитін оқига тізбегі кім- кімді болмасын толғандырмай болмайды. Албырттықпен алданып өз сәбиін балалар үйіне тапсырған ол, өз әрекетіне кейін қатты өкінеді. Өзегін өртеген өкініш азабымен жүріп сәбиін қайта алуға барғанда оны шетелдіктер асырып алғанын естін есеңгерейді. Байлығымен малданып, шалқып тасыған, ойсыз, ысырапшыл кәсіпкер Дәленмен арасын суытып мына дүниеден  баз кешіп кетпекке бекінеді...Серіктерімен бірге қоқыс аралап күн көрүді бастаған Камила құдайдын құдыретімен қоқысқа тасталған жаңа тұган сәби тауып алады...Бүл шақалақ Камиланың өмірін жаңа арнаға бұрып өміріне шуақ силайды. Шытырманға толы қойылым қоғамның ащы шындығын айшықтайды. Адамдықтан безген тасжүрек қоғамның бет бейнесін айна қатесіз көз алдыңызға әкеледі.

Актерлар:

Дален - Еркебұлан Төлеуов, Камила - Мақпал Сүлейменова, Намыс Мақсат, Ержан Аубакиров, Нұрлыбек Тілеулес, Ақерке Хасихан, Дияна Ауталипов.