Көмбе нанның дәмі
Авторы: М. Омарова
Жанр: Драма
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы режиссер - Алма Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің ассистенті - А. Сейтметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші - Е. Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Композитор - Ә. Омарова
Режиссердің көмекшісі - Т. Әбдіков
«Көмбе нанның дәмі» спектаклі сонау соғыс жылдары тылда қалған халықтың басындағы нәубет халді суреттейді. Нәубат майдан елдегі ер-азаматты түгел сыпырып алып кеткенде, барлық қиямет-қиыншылық ауылдағы шал-кемпірдің,бала-шаға мен әйелдердің мойнына қыл шылбыр болып ілінді. Сол бір кез тағы бір сұмдығымен тарихта қалды. Ол – кеңес өкіметінің саясатына қайшы болып көрінген ұлттарды туған жерінен айырып, басқа мекенге депортациялау болатын. Жер аударылғандар қазақ ауылына келді. Ел мен елдің, ұлт пен ұлттың бауырласуы, ұлтымыздың қонақжайлығы спектакльге арқау болды. Туындыда қазақтың өзі қайғыдан қан жұтып, аш-жалаңаш отырса да, пана іздеп келген жұртты сыртқа теппей, аялы алақанын қалай ұсынғаны баяндалады.