rebranding

Көк-Түріктер. Премьера!

Көк-Түріктер. Премьера!

Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 2161, облыстық қазақ музыкалық-драма театры. Ш. Құсайынова

Авторы: Б.Вахапзаден

Режиссер: Султан Сраилов

Премьерасы: 10 мамыр 2023

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 12+

 

 

 

Актерлар: Кайрат Мырзаболатов, Асланбек Шайсұлтанов, Намыс Мақсатұлы, Дияс Шәріп, Үмітжан Ахметова, Гүлнұр Қожанова, Дияна Ауталипова, Аяулым Елубаева, Нұлыбек Тілеулес, Ержан Аубакиров

«Көк –Түріктер» қойылымы заманымыздың 630 жылы Қытай жеңіліске ұшыратқан,  Көк –Түрік қағанатының ұлттық күресін суреттей отырып, бүгінгі заман тынысымен  үндестікте өрбиді.  Өткен заманда бабаларымыз қолына қару алып шайқасқан болса бүгінгі соғыс көзге көрінбейтін ақпарат майданы екенін аңдатады. Спектакльден бақ таластық пен тақ таластықтың ел мен жерге тигізер зор кесапатын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен сатқындықтың кесірін ұғынасыз. Қойылым Түркі жұртына ортақ құндылықтарды дәріптей отырып береке-бірлікте болуға меңзейді.