Күйеу іздеген кемпірлер

Өтетін орыны: Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры (Үлкен зал), Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 185

Премьера күні: 2004 жыл

Режиссёр: Мұқанғали Томанов

Автор: Фархад Бөлеков

Суретшісі: М.Мамбетов

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 14+

Қосымша: 

 

 

Қарттар (әйелдер) пансионатында өткен-кеткенді, негізінен, өмірден өтіп кеткен шалдарын еске алумен төрт кейуана күн кешіп жатыр.

Пансионатқа бар болғаны бір түнге қарт бойдақ Абдолланың қарауыл болып орналасуы төрт кемпірді де дүр сілкіндіреді, төртеуі де оңашада бойдақ шалға ыңғай танытып, бірге кетуге көңіл білдіреді. Адамның өзі қартайғанымен көңілі қартаймайды емес пе – жасы жетсе де ер болсын, әйел болсын ең болмаса шүйіркелесіп шәй ішетін серік іздейді. «Самайды ақ шалып, бойдан қуат кете бастаған кезде адамдардың қалай жалғыз қалып қоюуы мүмкін?» деген сұрақ қойылым бойы ойыңнан кетпейді