rebranding

Кішкентай ханзада. Премьера!

Қойылым - шытырман оқиғалар мен филасофиялық ойларға толы. Көрерменін қиял-ғажайып әлемге жетелеп, кейіпкерлермен бірге барлық эмоцияны сезіндіреді. Әлемде 80 жылға жуық сахналанып келе жатқан үздік туындының күні бүгін де мәні терең, бәсі жоғары.

«Үлкендер де алдымен кішкентай бала болған, бірақ оны көбі ұмытқан» деп жазады Француздың ұлы жазушы Антуан де Экзюпери. Уақыттың алмасуы, адамдар есейіп орнына жаңа ұрпақ келетіндігі және өткенді ұмытпауды өнеге ететін қойылым жалпы көрермендерін адамгершілікке шақырады.