Қилы заман
Авторы: Мұхтар Әуезов
Тарихи трагедия
Сахналық нұсқа: Н.Оразалин, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссері - Ә.Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретшісі - Е.Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Композиторы - Б.Дәлденбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков
Ұлы суреткер М.Әуезовтің жолы ауырлау болған туындысы «Қилы заман» театрымызда алғаш рет 1997 жылы қойылған болатын. Тарих сабақтары ұмытылмауы керек, тарих сабақтастығы үзілмеуі керек. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, атап айтқанда, Қарқара көтерілісінің тарихи баянын негізге ала отырып халыққа жасалған қиянаттың түп себебіне үңілтетін; патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдық саясат, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеуге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы – рухыңды жоғалтпа, әлеумет! Рухың жоғалса – елдігіңнің жоғалғаны.