Scorpions в Алматы

Қилы заман

Авторы: Мұхтар Әуезов

Тарихи трагедия

Сахналық нұсқа: Н.Оразалин, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссері - Ә.Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретшісі - Е.Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері

Композиторы - Б.Дәлденбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков

Ұлы суреткер М.Әуезовтің жолы ауырлау болған туындысы «Қилы заман» театрымызда алғаш рет 1997 жылы қойылған болатын. Тарих сабақтары ұмытылмауы керек, тарих сабақтастығы үзілмеуі керек. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, атап айтқанда, Қарқара көтерілісінің тарихи баянын негізге ала отырып халыққа жасалған қиянаттың түп себебіне үңілтетін; патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдық саясат, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеуге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы – рухыңды жоғалтпа, әлеумет! Рухың жоғалса – елдігіңнің жоғалғаны.