rebranding

Халықаралық театр күніне арналған мереклік кеш

Өтетін орыны: Қ. Қуанышбаев атындағы драма театры

Режиссер: Олжас Жақыпбек

Актерлік құрам: театр жастары

Жанр: концерт

Жас санаты: 12+

Ұзақтығы: 1 сағ. 30 минут

 

 

 

Таңғажайып театр!..

Иә, шынында да, ғажайып әлем емес пе, ұлы мәртебелі театр өнері!

Тыныққыңыз, тазарғыңыз келсе, ойға шомып, қиялға батқыңыз келсе, өнерді аңсарыңыз бек ақиқат. Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени ләззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына үш мың жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп- тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасап көрелік... Әшірбек Сығай.