Келіндер көтерілісі
Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жыл бұрын жазылса да, әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан табысты шығармалардың бірі. Әлемнің 14 елінде аталған пьесаның желісімен мыңдаған спектакль қойлып, бірнеше көркем фильм түсірілгені белгілі. Отбасында билігін жүргізіп дағдыланып қалған, жеті ұл, 41 немеренің анасы Фармон бибінің табалдырықтан кенже келін Нигора аттанған сәттен бастап тынышы кетеді. Ата-анасы бетінен қақпай өсірген шолжаң келін бұл шаңырақтың жазылмаған заңдылықтарына бағынғысы келмейді. Фармон бибінің жоқтығын пайдаланған Нигора абысындары мен қайынағаларын жұмылдырып, «генерал енені» сипаттайтын шағын қойлым дайындайды. Бас кейіпкерден өз бейнесін таныған ене қателігін түсініп, ұлдарының енші алып, бөлек шығуына рұқсат етеді. Пьесаның финалында «көтерілісті бастаған» Нигора дәстүр бойынша кенже келін ретінде қарашаңырақта қалады. Сөйтіп, тапқыр да алғыр Нигораның арқасында бұл отбасында шын мәніндегі түсіністік пен береке-бірлік орнайды.