98 человек за последний час интересовались этим событием.

Қарагөз

"Қарагөз"

sondrama

Қазақ классикасының алтын қорына айналған М.Әуезовтың "Қарагөз" шығармасы заманауи soundrama жанрында көрерменге жол тартпақ... 

1-ші және 2-ші нұсқасы біріктірілген шығармада автор сөзі алынбаған сонымен қатар, қойылымда сценография мүлдем жоқ. Қараңғы бос сахна.  Қойылымда сыбызғы, қобыз, жетіген аспаптарын актерлер өздері ойнау нәтижесінде кейіпкердің ішкі жандүниесі, музыка және пластика бір арнаға тоғыстырылған.

Жігіттің төресі Сырым емес, атақ - даңқты, дәулетті, сымбаттылықты адамгершілік қасиетімен алмастырған Нарша негізгі кейіпкер.Шығарманың шарықтау шегінде махаббаттың құрбаны болған Қарагөз  өлім құшатын. Жаңаша режиссерлік интерпритацияға құрылған спектакльде сезімге ерік беріп абыройынан, әке үмітінен, ағайын-туыс сенімінен айырылып, жынданып кетуден басқа амалы қалмаған Қарагөзді көреміз.  
Бұл режиссерлік шешім өз қателігінен сабақ алған кез келген адам ары қарайғы өмірінде бақытты бола алатындығын аңғартады.