Гауһартас
Астананың 25 жылдығына арналған «ГАУҺАРТАС» музыкалық драмасының 60-шы мерекелік көрсетілімі.Көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековтің ең алғашқы тырнақалды көлемді прозалық туындысы «Гауһартас» повесінің сахналық нұсқасы - музыкалық драма жанрындағы қойылымға жетпісінші жылдардағы ата кәсіп шопандықпен айналысып, қарапайым ғана тіршілік кешкен шағын отбасының шынайы өмірі мен кісілік келбеттері арқау болған.
123
Жан сарайына мөлдірлік пен іңкәрлік тұнған жас келін Салтанат әнге ғашық, адал да нәзік болмысымен Тастанның отбасындағы қоңырқай тіршілікке жан бітіріп қана қоймай, мейірім мен ізгілік шуағын сеуіп, үлкен өзгеріс әкеледі.
123
Д.Исабеков суреттеген әйелдер бейнесі - Ана мен Салтанат келін өздерінің рухани тазалығымен құнды. Салтанаттың бойындағы адамдық қасиеттің биіктігі, өршіл мақсат пен арманның асқақтығы Қайыркенді тәнті етеді.
123
Қазақ жігітінің бойындағы ұлттық мінездің иірімдері бір әулеттегі ағалы-інілі екі адамның бойынша екі түрлі көрініс тапқан. Әкенің қаталдау тәрбиесін бұлжымас қағидадай көріп, өмірлік ұстанымына айналдырған әулеттің үлкені Тастан - дөрекілеу, қаталдау. Ал кішісі, ақын жанды Қайыркен нәзіктік пен сұлылыққа жаны құмар, романтик жігіт. Өмірлік көзқарастары екі бөлек, дүниетанымдары өзгеше қос бауырды Салтанат өзінің адал да аяулы жан-дүниесімен жарастыра біледі.
123
Қойылым соңында қатал мінезді Тастанның өзекжарды өкініші, ақынжанды Қайыркеннің аяулы сезімінің сыры ашылады.
Адам жанының тазалығы мен биіктігін арқау еткен «Гауһартас» қойылымы ешқашан өзектілігін жоймайтын ұлттық отбасылық рухани құндылықтарды дәріптей отырып, жар қадірін ұғыну, махаббат пен бақыт, шынайы сезімді бағалау секілді ұғымдардың тереңіне бойлатады.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!