Ғашықтар хикаясы

Өтетін орыны: Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры, Шымкент қ-сы, Казыбек би кө-сі, 34

Автор: Қ. Жүнісов

Премьера күні:

Режиссёр: М. Оразметов

Актерлар:

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 90 минут

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы ғашықтық ғаламатына арнаған бүгінгі өміріміздегі жастар арасындағы махаббат символын аялауға шақыратын терең ойға құрылған, жастардың тамырын дөп басқан туынды. Студенттік жылдардың тәтті шақтарына жетелейтін қойылымда  жүректерін ғашықтық дерті бойлап, сезім тәлкегіне түскен студенттік өмір, жастық шақтағы сезім сергелдеңдері, оқу орындарында кездесетін түрлі мұңдар мен шаттықты оқиғалар қамтылған. Басты кейіпкер Дастан - актерлық бөлімде оқитын кіршіксіз махабат иесі. Достарын сүйгендерімен  қауыштыру жолында біраз әлекке түсіп, өзі де сүйіктісінің кешіріміне ие болады.  Қойылым осындай өмірдегі қайсы бір кездесіп жататын шындықтан сыр шертеді.Қызыққа толы студенттік өмірге сапар шегіп, ғашықтар хикаясына куә боласыз.