rebranding

Ертегілер әлеміне саяхат

Жаңа жыл – барша балақай асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Сиқырға толы мейрамға орай Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры кішкентай бүлдіршіндер назарына «Ертегілер әлеміне саяхат» жаңа жылдық қойылымын ұсынады. Мұнда театр артистері музыканың сүйемелдеуімен балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіне еніп жаңа жылдық шытырман оқиғаға толы ертегіні баяндайды!

Бізбен бірге ертегілер әлеміне саяхат жаса, кішкентай көрермен!