Ер Төстік

 

Айласын асырған мыстан кемпір Ерназарды қорқытып, кездігін тартып алды. Қайырымды да ержүрек Төстік Шалқұйрыққа мініп, кездегін іздеп жолға шығады. Айлалы Жалмауыз кемпір арбауымен жер асты патшалығына түсіп, қатерлі де қиын сынақтарға тап болды. Жеті қат жер астында Саққұлақ, Құмырсқа сынды дос тапқан Ертөстік Кеще хан құрған кедергінің бәрін жеңіп, үш басты Айдаһардың басын алды. Жауларын жеңген Ер Төстік пен Шалқұйрықты Самұрық құс жұмақ мекенге самғап алып ұшты. Ертөстік жан-жары Кенжекей, бауырларымен аман-есен қауышып, әкесі Ерназардың кездегін қайта табыстайды. Қойылым халық ертегісі негізінде сахналанған.