Дамбо

«Енелер мен келіндер». ТЮЗ им. Мусрепова

«Енелер мен келіндер»

«ЕНЕЛЕР мен КЕЛІНДЕР»

(комедия)

            Авторы: Сұлтанәлі Балғабаев

            Қоюшы-режиссері: Ержан Қауланов

            Қоюшы-суретшісі: Нұржан Сәменов

            «Заманның озығы бар, тозығы бар» демей ме, дана халқымыз... Адам санасын заман ағымы өзгертсе де, дәстүр мен салттың тозбасы анық. Әкеден ұл озып туса, енеден келін озық боп бұйырса, тектілік тамырына керекті құнар да сол емес пе?..   

            «Келін – қайын ененің топырағынан». Дегенмен, түрлі-түрлі енелер де, келіндер де кездеседі. Бүкіл әулеттің қызық-қуанышын арттырар келіндер, бақытқа бастар жандар болады. Жақсыны көре де, жақсыға ере де білмек керек.

            Комедия ащы күлкіге құрылып, терең ойларға жетелейді. «Келіннің аяғынан...» деген тәмсілге ден қойып, бүкіл бір әулеттің «рухани жаңғыруына» куә болғыңыз келсе, жаңа комедияны көруге келіңіз, қымбатты көрермен!