rebranding

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген ЕлбасыАвтор: 

Премьера күні, жылы: 

Режиссёр: М.Малдыбаева

Актерлар: А.Мұсақұлов, Ф.Әбіл, Т.Өмірзақова, Е.Турдалиев, О.Уалханов, Ғ. Сейдахмет, Ш.Бейсенов, С. Биғабыл, Ж.Дуйсенбекова, Қ.Асанов, Е.Айтенов 

Жанр: ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған

Ұзақтығы: 55 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: спектакль қазақ тілінде өтеді

 

 

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.