Екі әйелдің тағдыры

Екі әйелдің тағдыры

Өтетін орны: Атырау қ., Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры

Спектакльдің авторы: Н. Бексултанова

Күні: 20 мамыр 2023 ж

Уақыты: 16:00, 19:00

Қоюшы Режиссер: Н. Советхан

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 16+

Қосымша:

 

Адам баласы бір-біріне деген жылулықты жоғалтқан аласапыран осынау заманда, тағдырлары екі түрлі қос әйел өз бақыттарын іздейді. Бірі бауырларының, әке-шешесінің жағыдайын жасаймын деп отыз жыл өмірінің қалай өтіп кеткенін байқамай, елуге келгенінде не баласы жоқ, не үй-күйі жоқ жалғыз қалған Қатира болса, екіншісі балаларынан жастай айырылып, күйеуінің сатқындығын көрсе де мойымай, үйлі-жайлі болып, мансапқа қол жеткізіп, шетелді бағындырып, үлкен биіктерден көрінседе бақыт тарпаған Жазираның  өмірі сөз болады. Бастарына түскен  қиындықтарға мойымай, әлі де өз бақыттарын күтіп, үміттерін үзбей жүрген екі әйел күтпеген тосын жағыдайда кездеседі.Жазираның үйіне шақырусыз кіріп келген Қатира, әдемі үлкен үмітпен басталған тамаша күннің астан-кестеңін шығарады.Келген қонақты шошытып, үстіне су шашып, Жазираны әбден ыңғайсыз жағыдайда қалтырады. Бұл бір әбігерге толы мазасыз ұзақ күн болды...
Осы оқиғаның соңы немен бітетінін білгіңіз келсе, бізбен бірге тамашалауға ШАҚЫРАМЫЗ!!!