Джудит жасаған қиын таңдау. Премьера!

«Джудит жасаған қиын таңдау» - бұл отбасының барлық мүшелеріне ерекше көңіл күй сыйлайтын, көрермендерді ұмытылмастай әсерге бөлейтін, ғажайыптар мен ертегі әлеміне апаратын спектакль-шоу. Ересектер мен кішкентай бүлдіршіндерге арналған қойылым сахналанғаны – жүсіпбек аймауытов театры үшін  алғашқы тәжірибе. Спектакльдің динамикалық құрылымы арқылы қойылым авторлары көрерменге әке мен баланың арасындағы мәселелерді қозғайды. Бала мен ата-ана арасындағы байланыс көпірінің құлдырауы сияқты өмірдегі маңыздылығы жоғары және мәні терең құбылыстар жайлы сыр шертеді. Мүмкін байланыстың үзілу себебі -адамдардың бір-бірін түсіне алмау немесе түсінгісі келмеу салдарынан орын алып жатқан болар.

«Джудит жасаған қиын таңдау» қойылымы айналаға - балаға ересек адамның көзімен, ал ата-анасына баланың көзімен қарауға мүмкіндік береді. Кім біледі, бәлкім сен де нағыз ғажайыпқа тап боларсың? Ал ғажайыптың орын алу ықтималдығы неғұрлым аз болса, соғұрлым әсері арта түспек.